БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 14.00-де ғаламдық әлемнің және ауқымды дағдарыстың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ҒЗЖИҚМ (ғылыми-зерттеу және инновациялық-қолданбалы мектеп) 2020-2022жж. Жоспар-Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаһандық әлемдік үрдістер мен қазіргі әлемнің геосаяси құрылымдары» бағытындагы №1 ҒЗЖЖ (Ғылыми-Зерттеу Қолданбалы зертхана) шеңберінде «Ғаламдық процестер және қазіргі әлемнің геосаяси құрылымының жаһандық дағдарыс жағдайындағы трансформациясы» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізіледі.
Онлайн-дөңгелек үстелдің мақсаты: жаһандық әлемдік дағдарыс және әлемдік экономиканың құлдырауы себептерін, халықаралық тәртіпті қалпына келтіру мәселелерін, пандемия жағдайында дағдарыстың Қазақстанға әсерін талқылау және т. б.
Онлайн - дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Өтініштер мен баяндамалардың тақырыбын төмендегі электрондық поштаға жіберу:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Жауапты тұлға: Успанова Жанар Нуржановна
Қатысу түрі: Webex Meetings платформасында онлайн. Онлайн дөңгелек үстелге сілтеме кейінірек жіберіледі.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі – 28.04. 2020ж. дейін.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Онлайн-дөңгелек үстел материалдары бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда (10.05.2020 ж. дейін)
Ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптары қосымшада келтірілген.
Ғылыми жетекшілер мен пікір берушілердің пікірлері корпоративтік пошта арқылы жіберілуі тиіс, бұл олардың түпнұсқалығын растайтын болады.
Форма экзаменов Летней Экзаменационной Сессии по образовательным программам
Онлайн формат – білім алушылар емтиханды нақты уақыт режимінде – «осында және қазір» тапсырады.
Қашықтық формат – студент тапсырманы нақты уақыт режимінде ЕМЕС, емтихан өткізілетін мезгілде жұмысты тапсыру шартымен алыста отырып тапсырады. Оқытушы жұмыс істеп отырған студентті «осында және қазір» режимінде ҚАДАҒАЛАМАЙДЫ.

Начало Трансляции в 16:00
Ссылка на совещание:
Webex
Номер совещания:
916 054 478
Пароль:
24042020
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Абылайхантану» жалпы университеттік жоспарын іске асыру мақсатында сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында 2020 жылдың 23 сәуірінде өтетін «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: еске алу, қорытынды, зерттеу перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына шақырамыз.
Конференцияның мақсаты - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске СССР халықтарының және басқа да елдердің қосқан үлесін бейтарап қоғамдық қабылдауды қалыптастыру үшін өзекті әдіснамалық тәсілдер, зерттеулер мен интерпретациялар контекстінде Ұлы Отан соғысы туралы ұжымдық еске алуды жан-жақты ғылыми ұғыну.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:
* Ұлы Отан соғысының тарихнамалық мәселелері;
* Соғыстың мәдени мұрасы: әдебиет, бейнелеу өнері, театр және кино;
* Қазақстан мен шет елдердегі соғыс туралы естелік саясаты;
* Тылдағы ұрыс қимылдары мен өмірін зерттеу және қайта құру;
* Ұлы Отан соғысының демографиялық және әлеуметтік салдары
Конференцияға ЖОО оқытушылары, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, бейінді ұйымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар шақырылады
Конференцияға қатысуға өтініштер 2020 жылдың 19 сәуіріне дейін қабылданады.
Қатысу үшін өтініштерді толтырып This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға жіберу қажет.
Жинаққа арналған мақалалар 2020 жылдың 19 сәуіріне дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға қабылданады. (мақалалар осы хатқа № 1 қосымшаның талаптарына сәйкес ресімделеді).
Мақалалар жинағы конференция қорытындысы бойынша электронды форматта (PDF) жарияланады.
Көрсетілген күннен кейін ұйымдастыру комитетіне келіп түскен немесе техникалық талаптарға сай келмейтін мақалалар қаралмайды. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен материалдарды себепсіз түсіндірместен қабылдамау құқығын өзіне қалдырады!
Туындаған сұрақтар бойынша конференцияға жауапты – т. ғ. к., доцент Карабаева З. М. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және т. ғ. к., доцент Г. А. Шотанова (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) хабарласуға болады.
Құрметпен, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті
Қосымша № 1.
Автор ұсынады:
- мақала мәтіні Microsoft Word форматындағы файлда (DOC, docx немесе rtf кеңейтілген файлдар); файл атауы автордың аты-жөнін және мақаланың жіберілген күнін қамтиды, мысалы: Сабитов И. 15-04-2020 ж.;
- ӘОЖ индексі;
- автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты, дәрежесі, атағы, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық және қысқаша атауы (Жарғыға сәйкес), пошта индексі бар мекен-жайы), автордың электрондық поштасы. Автор туралы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі;
- мақаланың атауы және автордың аты-жөні (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде));
- аудармалармен бірге көлемі 500-800 таңбалы мақала аннотациясы;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінді сөздер (10-нан кем емес));
- Мақала көлемі 8-ден 10 бетке дейін.
Мақала келесі талаптарға сәйкес ресімделеді:
- шрифт Times New Roman, 14 кегль;
-егер автор Windows негізгі жиынтығына кірмейтін қосымша стандартты емес әріптерді қолданса, онда тиісті файлдарды қоса беру қажет (.ttf);
- жоларалық интервал 1,5;
- Microsoft Word макростары мен стилін пайдаланбаңыз;
- өрістер: жоғарыдан және төменнен 2 см, солдан 3 см, оңнан 1,5 см;
- кестелер мен диаграммалар Microsoft Excel-де орындалған жеке файлдармен ұсынылады;
- жеке файлдармен jpeg форматындағы иллюстрациялар;
- кесте мен суреттердің нөмірленуі мақала бойынша.
Сілтемелерді рәсімдеу тәртібі.
Мақала соңында әдебиеттер тізімі болуы керек. Ондағы жарияланымдар ГОСТ-қа сәйкес рәсімделеді, тізім мәтінде көрсетілген ретпен жасалады. Әрбір жұмыстың тек бір реттік нөмірі болады, оған бірнеше рет сілтеме жасалған жағдайда мәтінде әрбір рет тек осы нөмір көрсетіледі.
Мұрағаттық құжаттарға, қолжазбаларға, статистикалық анықтамаларға, интернеттен жарияланымдарға, газеттерге, жарияланған заңнамалық актілерге (мысалы, жеке брошюралар шығарған заңдар, Конституция), мұражай экспонаттарына, автордың түрлі түсініктемелері мен т.б. жай парақтан кейінгі ретпен нөмірленген түсіндірме түрінде ресімделеді. Газетке сілтеме жасау кезінде оның шыққан жылын, күнін және айын көрсету қажет.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестріне Жапонияға студенттік алмасу бағдарламаларына конкурс жариялайды.
Университеттер және бағдарлама шарттарына қатысты толық ақпарат сілтемеде берілген.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 112 кабинетіне, №1 оқу корпусына хабарласуыңызға болады.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне студенттік алмасу бағдарламаларына конкурс жариялайды.
Университеттер және бағдарлама шарттарына қатысты толық ақпарат сілтемеде берілген. Бағдарламада 1-ші және 2-ші курс студенттері, сондай-ақ магистратураның 1-ші курсы қатыса алады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 112 кабинетіне, №1 оқу корпусына хабарласуыңызға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН)
2020 жылғы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ҚР БҒМ 28 қаңтар 2020 жылғы №39 бұйрығын орындау мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабарлайды! 2020 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа елдері пен АҚШ университеттер қатарынан ЖОО-серіктестерімен студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша барша ниет білдірген бакалавриат студенттеріне байқау ашық деп жариялайды!
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар (міндетті түрде):
*егер тілдік сертификат болмаған жағдайда, студент шетелдік университеттен өзінің шет тілі деңгейімен алдын-ала қабылдауға келісімін беру туралы ресми хатты ұсына алады
Байқауға ТЕК қана бакалавриат студенттері қатыса алады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакетін студент оқу басқармасының халықаралық бағдарламалар бөліміне 2020 жылдың 18 ақпанға дейін тапсыруы тиіс.
(№1 ОҚУ ҒИМАРАТЫ, 112 КАБИНЕТ)
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Бүгін, 3 желтоқсан 2019 жылы сағат 15:00-де университетіміздің конференц ("көк"-синий) залында "Кешкі кездесу" ("Еуразия" телеарнасы) бағдарламасының жүргізушісі, блогер Аман Тасығанмен "Мультимедиялық журналист" тақырыбында кездесу өтеді. Аман Тасыған тележүргізушіліктен бөлек, "Talklike", "New Old Qazaqtar" сынды ютуб каналдарын жүргізеді.
Студенттерге мастер-класс ретінде ұйымдастырылатын жиында журналистиканың түрлі мәселелері қозғалады.
Модератор: аға оқытушы Жылбек Сенбекұлы (Қазақ радиосының Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі)
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне студенттік
алмасу бағдарламаларына конкурс жариялайды.
Университеттер және бағдарлама шарттарына қатысты толық ақпарат сілтемеде берілген.
Бағдарламада 2-ші және 3-ші курс студенттері, сондай-ақ магистратураның 1-ші курсы және
докторантураның 1-2 курсы қатыса алады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 112 кабинетіне, №1 оқу корпусына хабарласуыңызға
болады.
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.