2023 жылдың 10 қазан айында халықаралық құқық кафедрасы мен «Әлеуметтік жобаларды басқару орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобасын орындау мақсатында «Дауларды шешу және медиация институтын насихаттау жөнінде кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ, «Қазақстандағы медиаторлар Ассоциациясының» ЗТБ басшысы, халықаралық деңгейдегі тренер-медиатор Жангелді Әжіғалиұлы Жақыпов дәріс оқыды.