2024 жылдың 16 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де "Лудомания. Жастар арасындағы суицидтің алдын алу" тақырыбында халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің студенттері қатысты. Семинар-тренингке бастамашы болған "Aq Jol" жастар денсаулық орталығының және №7 қалалық емхананың қызметкерлері студенттерді цифрлық көрсеткіштермен таныстырып, лудоманияның себептері және жастар ортасында суицидтік бейімділікке қарсы күрестегі алдын алу шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар шеңберінде жауапкершілікке қайтарылатын ойынға тәуелділіктен шығудың жолын іздейтін адамдар қалпына келтірілетін мамандандырылған орталықтардағы психологиялық көмек мәселелері қозғалды.