18 қазан күні «Журналистика» мамандығының студенттері белгілі «Новая газета. Европа» басылымы бас редакторының орынбасарымен Вячеслав Половинкамен кездесті. Шақырылған спикер қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдармен ынтымақтастықта болды.
18 қазан күні «Журналистика» мамандығының студенттері белгілі «Новая газета. Европа» басылымы бас редакторының орынбасарымен Вячеслав Половинкамен кездесті. Шақырылған спикер қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдармен ынтымақтастықта болды.
Бүгін Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де қазақ филологиясы кафедрасы мен кафедра жанындағы Мемлекеттік тіл орталығы ұйымдастырған заманамыздың заңғар жазушысы, мінсіз сөз зергері, драматург, ғұлама ғалым М. О. Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына байланысты әрі Тілдер мерекесіне орай 1-курс, орыс бөлімі студенттері арасында «Әуезов әлемі» атты факультетаралық байқау өз мәресіне жетті. Қорытынды сайыстар университетіміздің көк залында өтті.
15 қазан, 2022ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Қазақстан Республикасы күніне орай HANURPAQTARY IV "Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбында университетішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Университеттің барлық факультеттерінен 11 фракция құралып, студенттер белсенділік танытты.
Бүгінгі таңда түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі университеттің маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады, оның аясында 13.10.2022 ж. Алматы облысы бойынша Шекара қызметінің департаментімен бірлесе отырып, 4 курс студенттерінің Шекара қызметі департаменті тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полковник Муналбаев Арнур Мухамбетович және Тәрбиелік идеологиялық және кадрлық жұмыс басқармасының жинақтау бөлімінің бастығы майор Ислам Исаевпен кездесуі өтті.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде "Жастар-қоғам айнасы" атты студент жастар форумы өтті. Іс-шараның спикері "Сенімен болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігі идеясының авторы Асанов Нұркен Жарылқапұлы, бірлестіктің құрылтайшысы, абайтанушы Омар Жалел болды.
Кореяда 9 қазан Корей жазу күні "한글날" атап өтіледі. Осыған орай, 7 қазан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Шығыстану факультеті мен корейтану орталығы осы мерекеге іс-шара өткізді. Іс-шараны факультет деканы Қағазбаева Э.М. және филология ғылымдарының докторы, шығыс тілдері кафедрасының профессоры Пак Н.С. құттықтау сөзімен бастады.
Республика күні мерекесі қарсаңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нәң студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев және "Қазақстанның ұйғыр жастары одағы" РҚБ төрағасы Рустам Қайрыевпен кездесті.
Дүниежүзілік туризм күні (World Tourism Day) 1979 жылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) Бас Ассамблеясымен құрылды және жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күн 1970 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Жарғысы қабылданғандықтан таңдалды. Мерекенің мақсаты – туризмді насихаттау және халықаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ туризмнің маңыздылығына және оның әлеуметтік, мәдени және экономикалық маңыздылығына назар аудару.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде журналист-студенттердің қазақтың белгілі ақыны және режиссері Ербол Жұмағұлмен кездесуі өтті. Кездесудің сұрақ-жауап түрі осынау жарқын жазушының шығармашылығымен танысып қана қоймай, әдебиеттің қазіргі әлемдегі орнын сезінуге мүмкіндік берді. Е.Жұмағұлдың поэзиясы мен фильмдерінде әдеби және кинематографиялық орта үшін сирек кездесетін комбинация: мәтіндер мен фильмдердің сөзсіз дарындылығы, айтылғанның бірдей айқын өзектілігі. Студенттер шебердің шығармашылық жоспарларымен танысты: жаңа аудармалар мен фильмдер. Кездесудің өзі университетіміздің студенттері дайындап жатқан ақын туралы деректі фильмге арқау болмақ.
03.10.2022 жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Қазақ университеті акт залында ПФИЯ факультетінің 309 және 225 топ студенттері Қарақұлова Айгүл Мадиқызының жетекшілігімен ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. ТПМК кафедрасының барлық оқытушылары қатысып, шығармашыл студенттер ұйымдастырған интерактивті қойылымдарға белсенді қатысты. Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 19–24 қыркүйек аралығында қонақ дәрістері оқылды. Владивосток мемлекеттік университетінің профессоры Ким Александр Алексеевич «Ғылым тарихы", “Қиыр Шығыстың ортағасырлық мемлекеттері", “Мектептегі таптық иерархия", "SCOPUS және WoS мәліметтер базасына кіретін журналдарға мақалалар дайындау" тақырыптарын қозғады.