«Адам құқықтары – қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі»

2017 жылдың 22 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлымен және Комиссияның басқа мүшелерімен, Университет студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен және оқытушы-профессор құрамымен кездесу өткізді.

Кездесуді модераторлар университеттің ректоры, академик Құнанбаева Сәлима Сәғиқызы және Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Дәуітұлы Әбішев ашты. Кездесуде Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар – қоғамдық сананы жаңғырту» туралы бағдарламалық мақаласында көтерген өзекті мәселелер талқыланды.

«Әрине бұл шараның маңызы зор. Біздің Комиссия қоғамдық болып табылады. Адам құқықтары туралы жұмыстар әр уақытта үзбей жүргізілу керек. Бірінші ретте, біздің еліміздегі адам құқықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында көрсетілгендей негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Барлық қабылданған заңдар оқуға мүмкіндігі бар, өз Отанының толық құқылы азаматтары болуға арналған. Барлығы біздің заңнамада көрсетілген. Біз құқықтық мемлекет жасайық деп отырмыз. Әр адам өз құқықтарын сақтап қалуға мүдделі болу керек. Ал құзырлы органдар соның сақталуына жағдай жасауға тиісті» - деді өз сөзінде Қуаныш Сұлтанов.

master class

Печать