«Еске алу жылы - 2018» тақырыбында Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллердің қонақ дәрісі

2018 жылдың 2 наурыз күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де «Еске алу жылы - 2018» тақырыбында Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллердің қонақ дәрісі өтті.

Өз баяндамасында Елші Австрияның әкімшілік-аумақтық құрылымын қалыптастыру тарихын, сондай-ақ дипломатияның, желілік дипломатияның үрдістері мен эволюциясын сипаттады, сонымен қатар жаһандану жағдайында ол халықаралық аренада маңызды орынға ие және сыртқы саясатты жүзеге асырудың күшті құралы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға Қазақстан мен Австрия арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Университеттің атынан ұйымдастырушылар ақпараттық дәріс үшін қонаққа алғысын білдіріп, келешекте ынтымақтастыққа шақырды. Өз кезегінде Елші Г. Сайллер мырза ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіріп, дәріс тыңдаушыларына сәттілік тіледі.

master class

master class

master class

Печать