«­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Қоғамдық сананы модернизациялау және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар проблемасы» тақырыбында дөңгелек үстел

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы 2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Қоғамдық сананы модернизациялау және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар проблемасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға  университет оқытушы-профессорлары мен Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары  қатысты.

Дөңгелек үстелде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қоғамдық сананы модернизациялау және  гуманитарлық ғылымдар мәселелері қарастырылды.

Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Айдарбеков 3ейнабіл Смайылханұлы   «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңызы және оларды оқу процесіне енгізу мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасады.

Профессор 3ейнабіл Смайылханұлы  баяндамасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  жобасымен жарық көрген оқулықтарды әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы білім беруде оқу процесіне енгізу арқылы  студенттерге заман талабына сай білім беру сапасын арттыруға болатынын айтты.

Ал,  филос.ғ.д., профессор Раев Дәулетбек Садуақасұлы «Жүз жаңа оқулық жобасы – модерн үрдіс» тақырыптағы баяндамасында гуманитарлық бағытта жоғары білім беруде «100 жаңа оқулық» модерн үрдіс болғанын, әлемнің үздік оқу орындарыныңоқулықтары негізінде білім беру арқылы отандық жоғары білім сапасын көтеруге, оған жаңа серпін беруге болатынын баяндады. Сонымен қатар ғалым Ұлттық аударма бюросының іріктелген оқулықтарды қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 200-ден аса маман қатыстырғандарын тілге тиек етті.

Ұлттық ғылым академиясының профессоры  Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы «Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи карта» жобасын жүзеге асыру – «Рухани жаңғырудың» бір бағыты» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдегі пікірсайыста университет студенттері бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға салды.

master class

master class

master class

master class

master class

master class

Печать