Президент жолдауын талқылау: «Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын көтеру: сапаны және кірісті арттыру»

2018 жылы 10 қазанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дегі «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері «Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын көтеру: сапаны және кірісті арттыру» тақырыбында Елбасы жолдауын талқылады.Университеттегі «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйым бөлімінің басшысы Б. Сержанов Президенттің осы жылғы жолдауы терең мазмұны мен ерекше формасымен арқылы Қазақстандықтардың назарын аударды.

Елбасының жаңа жолдауы жайлы «Жас Отан» жастар қанаты мүшесі Қажы Серікбай әрбір Қазақстандық азамат жолдауды жүзеге асыруға ат салысуы қажеттігін атап өтті. Ал Сапаралиев Абылайхан жолдауда мемлекетіміздегі азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша үкімет алдына нақты міндеттер қойылғанын,ұстаздар мен студенттердің материалдық жағдайын көтеруге мән берілгенін айтты. Парманов Самат: « Президент Н.Назарбаевтың жолдауы Қазақстанды дамытуда маңызды рөлге ие, аталған жолдауды жүзеге асыру арқылы «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруда жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Сонымен қатар Ұлт көшбасшысының мемелекеттік саясаты арқасында дамыған, тәуелсіз Қазақстанның гүлдене беретініне сенімім мол», – деген пікірін білдірді.

master class

master class

Печать