Президент жолдауын талқылау: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

16 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Шара университет ректоры С.С. Құнанбаеваның алғысөзімен ашылды.

Ректор биылғы жолдаудың халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтерудегі, бәскеге қабілетті мамандар дайындаудағы, жастарға сапалы білім берудегі маңызы мен мәнін атап өтті. Жолдауды талқылауда э.ғ.д., профессор М.Д. Искалиев, ф.ғ.д., профессор Д.С.Раев, з.ғ.д., доцент К.А. Байжомартова, ф.ғ.д., профессор З.С. Айдарбеков сынды ғалымдар баяндама жасады. Профессор З.С. Айдарбеков өз баяндамасында жолдауда Елбасының жастарға ерекше көңіл бөлгенін, келер жылды жастар жылы деп атауды ұсынғанын және Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының бағыттары мен әлеуеті жайлы айтып өтті. Сонымен қатар биылғы жылғы жолдауда ұстаздардың статусын көтеруге, білімнің «салтанат құруына» мән берілгені университет оқытушылары мен студенттерінің көңіліне қуаныш ұялатты, студенттер жастарды білім алуға ынталандыра түсті.

master class

master class

master class

master class

Печать