Түркия мемлекетінің 95 жылдығы

Түркия мемлекетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай қазан айының 31-ші жұлдызында Шығыстану факультетінің шаңырағында Түркияның Қазақстандағы Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаз мырзамен кездесу өтті.

Бас Консул мырза кездесу барысында факультетіміздің басшысы, декан Дауен Динара Бақыткерейқызына өзінің ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, бауырлас Түркия мемлекетінің қуанышына ортақтасқан факультетіміздің студенттері ұйымдастырған мерекелік құттықтау кешінің де куәсі болып қайтты. Біз де өз кезегімізде университетіміздің оқытушылары  мен студенттері Рыза Қаған Йылмаз мырзамен кездесу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін алғысымызды білдірдік.

Печать