Жастар табысқа жету жолында

14 қарашада университетіміздің қабырғаларында халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен, жас өспірімдер  мен жастар арасында үлкен қызығушылық танытқан Ларион Лян және Ержан Рашев сияқты жеке тұлғалармен кездесу өткізілді.

Кәсіпкер, IC Group холдингінің негізін қалаушы Ларион Лянь студенттермен зор ынта-жігер мен энергиясымен бөлісті. Сонымен қатар жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, өмірде нақты жағдайларға көмектесетін нұсқаулар берді, студенттерді 《Основатели KZ》 жобасына қатысуға шақырды. Ержан Рашев, блогер, казнеттегі ең оқылатын адам және《Человек на балконе》кітабының авторы. Ержан Рашевтің әңгімелері студенттерге, Ларион Лянның тәлімдемесі мен мотивациясынан  кем түспейтін шабыт берді. студенттер кездесу қонақтарына сұрақтарын қойып, жауап алды және өздері үшін жаңа нәрселерді үйренді. Бұл кездесу осы форматта өткен біздің университетіміздің алғашқы кездесулерінің бірі болды. Студенттер үшін пайдалы ақпарат көп болды. Бұл Халықаралық қатынастар факультетімен ұйымдастырылған соңғы кездесу емес.

 

Печать