12 қарашадан 24 қараша аралығында Манчестер университетінің (Ұлыбритания) PhD докторанты Батыр Хасанов «Білімді құрылымдау және дін тұжырымдамасын құру» тақырыбында дәрістер курсын оқиды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту»

бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған дәрістер курсы «Дін аналитикалық санат ретінде», «Гегель және оның тарихи үлгісі», «Орыс тіліндегі Шығыс идеясы Батыс идеясына қарама-қарсылық ретінде», «Доржи Барзаров және шаманизмнің пайда болуы», «Абай Құнанбаев және қазақтарды еуропалық дін тұжырымдамасымен таныстыру әрекеті», «Петр Бадмаев және буддизмнің құрылуы», «Қазақ тарихнамасындағы Шыңғыс ханның метаморфозы» секілді тақырыптарды қамтиды. Бұл тақырыптар сөзсіз жас ғалымдар – магистранттар мен докторанттар үшін де,  тәжірибелі оқытушылар үшін де өте пайдалы болып табылады.

Дәрісте бағдарламаның қатысушылары Орталық Азиядағы қазіргі исламизация туралы ақпарат алады және дәсіртер соңында әрбір қатысушы дін жөнінде өзінің жеке тұжырымдамасын қалыптастырады.

Печать