2018 жылы қараша айының 22-сі күні

2018 жылы қараша айының 22-сі күні Шығыстану факультетінде Манчестер университетінің (Ұлыбритания) PhD докторанты, жас ғалым, шығыстанушы Батыр Хасанов мырзамен оқытушылар және студент, магистранттар арасында кездесу өткізілді.

Кездесудің бірінші бөлімінде Батыр мырзамен шығыстану саласына қатысты ғылыми тұрғыда қызықты пікір алмасу болып, студенттер және магистранттар тарапынан сұрақтар қойылды. Манчестер университетінің PhD доктаранты өз кезегінде ғылыми зерттеу бағытындағы жоспарлары және нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, факультет атынан Хасанов мырзаға естелік ретінде сыйлақ табысталды. Ал, кездесудің екінші бөлімінде Батыр Хасанов өзінің  "Орталық Азиядағы қазіргі исламдану: ата-бабалардың сеніміне қайта оралу немесе жаңа дінге үйренісу"  атты кезекті дәрісін оқып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш тақырып аясында студент, магистранттармен өзара пікір алмасты.

Печать