Минзу Университетінің делегациясымен кездесу

2018 жылғы 7 желтоқсанда біздің университетке ҚХР, Минзу университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында Shi Yazhou – Вице-президент; Du Lin – Адами ресурстар департаментінің директоры; Feng Jinchao – Оқу жұмыстары жөніндегі департамент директоры; Nuerbahan Kaliliehan – Декан орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті департаменті;

Zhou Tiehai – ҚКП хатшысы, Халықаралық білім беру колледжі; Zhang Lei – Бағдарлама үйлестірушісі, Халықаралық қатынастар департаменті.

Кездесу барысында біздің университеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, оның ішінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын одан әрі кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламалары талқыланды.

Печать