Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасындағы студенттік пәндік олимпиада өткізілді

2018 жылдың 28 қараша айында Экономика және құқық факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен  «5В030100- Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасындағы студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

      Олимпиаданың мақсаты болашақ мамандардың ерекше кәсіптік қабілеттіліктерін анықтау, студенттерді оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыру, студенттердің кәсіптік-тұлғалық әлеуетін, өзін-өзі тану, шығармашылық қабілеттерін ашу, тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына ықпал ету. 

     Олимпиаданың әділқазылар алқасы  жұмыс берушілерден жасақталды. Олар:  Шаяхметова Айым Ғалымбековна - Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы , Рахметжанов Мақсат Сағатбекович - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты,  Бүркетбаев Ерлан Шалдарбекович -Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты,  Жүнусов Жалел Калелович- Алматы қаласы Ішкі  Істер Департаменті  Метрополитендегі Ішкі Істер Басқармасы  бастығының орынбасары , Бердыхожаев Төлеген - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.

    Олимпиадаға көптеген ЖОО студенттері келіп өз білімдерін ортаға салды. Нақтылап айтар болсақ, Нархоз университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, ІІМ Академиясы, Каспий Университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Еуразия техникалық университеті,Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері қатысты.

    Олимпиада барысында студенттер берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынға салды. Әділқазылар студенттердің білімдерін бағалап, нәтижесінде:

1 орынды - Каспий Университеті, 2 орынды - Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, 3 орынды - Нархоз университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Есболатов атындағы  ІІМ Академиясы иеленді.

Печать