«Жас шығыстанушылар» 1 орынмен марапатталды

2018 жылдың  10 желтоқсанында Тұран университеті ұйымдастыруымен   «Халықаралық қатынастар»,  «Аймақтану»,  және «Шығыстану» мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне арналған  «Үш тілдің бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының бірегей жобасы»  атты тақырыпта Республикалық байқау өткізді.

Аталмыш тақырып аясында Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің  шығыстану мамандығының  студенттері  театрландырылған қойылым бойынша жүлделі 1 орынды қанжығасына байлап университетіміздің абыройын асқақтатты (ғылыми жетекшілері – Бактыбекова Б.Б., Муратбекова А.М.). Сонымен қатар эссе және монолог үлгісінде с.ғ.к.доцент Кагазбаева Э.М және т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. ғылыми жетекшілігімен Караева Дильназ Халмуратовна,  Бекмұрат Рахат Бегімқызы, Рахматова Рухшона, Сейтнур Шынар Асқарқызы, Мамутова Мархаба Абдилхамитқызы, Болат Жадыра Талғатқызы, Мажиткан Аяужан Ғалымқызы өте жоғары дәрежеде көзге түсіп сертификатпен марапатталды. Біз өз кезегімізде осындай дарынды жастарды дайындап, олардың жетістікке жетуіне  септігін тигізген шығыстану кафедрасының жанынан құрылған «Жас шығыстанушылар» ұйымына алғыс білдіреміз!

Печать