Денсаулық және сәттілік мерекесі

Спорттық жарыстар қатысушыларды ғана емес көрермендерді де қызықтыратын, түрлі спорт түрлерімен айналысуға үндейтін, салауатты өмір салтын насихаттайтын шара.

       Университетіміндің Кәсіподақ комитеті жыл сайын дәстүрлі «Денсаулық»спартакиадасын ұйымдастырады. Спорттық шараға университет ұстаздары мен қызметкерлері қатысады. Спартакиада бағдарламасына сәйкес ерлер және әйелдер командалары       волейболдан, теннистен және шахматтан өзара сайысқа түседі.

    Спартакиаданың барлық кезеңдерінде жарысқа қатысушылар нәтижелі әрі тартысты ойын көрсетті. Дегенмен жарыс шарттарына сәйкес жеңімпаздар анықталады. Волейболдан командалар арасындағы жарыста экономика және құқық факультетінің командасы көш бастады. Ал теннистен университетіміздің Р. Абдрахманов және А. Набиханова сынды қызметкерлері алға шықты. Ұтқыр логиканы талап ететін шахматтан И. А. Қалғанбаев, Г. Амандықова деген қызметкерлер озық ойын көрсетті.

            Командалық жарыстан бірінші орынды экономика және құқық факультетінің командасы алды. Екінші орынды ӘҰЖ командасы, үшінші орынды  халықаралық қатынастар факультетінің командасы, төртінші орынды менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің командалары иеленді.

           Спартакиадаға қатысқан университет қызметкерлері жақсы ойын көрсетіп қана қоймай, сол ойындары арқылы салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, жастарға жақсы үлгі көрсеткендерін де айта кеткен жөн.

   Университетіміздің кәсіподақ ұйымы экономика және құқық факультетінің деканы Н.А. Құдайбергеновке және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ғ.Р. Әбсаттаров мырзаларға спорттық шараға белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ дене тәрбиесі кафедрасының ұжымына спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқандары үшін алғыс айтады.

           «Денсаулық» спартакиадасы университетіміздің спорттық өміріндегі маңызды жобаларының бірі. Аталған спорттық шараға қатысушылар саны жылдан-жылға артатынына сеніміміз мол.

Печать