Волейболдан турнир

Спорттың қай түрі болса да қимыл-қозғалыс, дене жаттығуларынан тұрады. Солардың ішінде волейбол да допты еппен лақтыру, секіру, жүгіру секілді қимыл-қозғалыстардың қызық әрі тартысты ойыны. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде 5 ақпан күні дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі факультетаралық волейболдан әйелдер арасында турнир өтті.

Аталған спорттық шарада алты команда сайысқа түсті. Жарыста Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің командасы озды. Жарыс аяғында жеңімпаздарға диплом және марапаттау қағаздары табысталды.

Печать