"Мақсаты айқын-арманы асқақ" - Азамат Қанапиямен кездесу

Көрген киноңызда немесе сериалыңызда жатталып қалатын ерекше дауыстар болады.Бір фильмде бір емес бірнеше кейіпкердің дауысын сала алатын шеберлер бүгінде аз емес. Солардың бірі "Ұлттық арнаның алтын дауысы" атанған дубляж маманы-Азамат Қанапия.Ол "Көшпенділер" "Сұлтан Сүлейман" "Көліктер" сынды фильмдерге жасаған дубляжы арқылы көпшілікке таныс. "Мақсаты айқын-арманы асқақ" тақырыбымен университет студенттерінің басын қосқан бұл кездесу көпшіліктің көңілінен шыға білді.

"Ұлы дауыс иесі"Азамат мырза өз мамандығының қызығы мен қиындығын айтып,шараға қатысқан жас ізбасарларына ағалық ақыл-кеңесімен бөлісті.Жастардың өтініші бойынша нақ сол жерде қысқаша дубляж жасап,жиналған қауымның көкейде жүрген көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Кеш соңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  студенттері атынан Азамат мырза мен оның ұлына сыйлықтар табысталды.

Печать