Шуақты көктем келді!

Сұлулық әртүрлі болады: табиғаттың сұлулығы, адамның сұлулығы, ойдың көркемдігі, сөз көркемдігі т.б. Осылардың барлығының басын біріктіретін бір нәрсе – жалпы сұлулық әлемді нұрландырады, шуақ шашады, жанды жадыратады. Сұлулықтың осы қасиеттері арқылы, біз, адамдар оған құштармыз, сұлулыққа ұмтыламыз әрі оны бағалаймыз, тамсанамыз. Әрине өмірде сұлулықтан басқа адамгершілік, сыйластық секілді адами құндылықтар адамдарды жақындатады, ізгілікке, жақсылыққа жұмылдырады. Аталған құндылықтар сұлулықтың бағасын түсірмейді, керісінде сұлулықпен үндесіп, сұлулықты толықтырады. Біздің айтпағымыз, сегізінші наурыз мерекесі қарсаңында, университетімізде «ҚазХжӘТУ Аруы – 2019» байқауының финалы өтті. Университетіміздің Аруы атану үшін 8 бойжеткен ән салып, билеп өз өнерлері мен білім-біліктерін де көрсетті.

Әділқазылар алқасы жан-жақты бағалап, әділ шешім шығарды. Сонымен, «ҚазХжӘТУ Аруы – 2019» байқауының жеңімпазы менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің екінші курс студенті Ақниет Орынбай атанды. Ал сұлулар байқауында бірінші орынды Әсем Карабалина, екінші орынды Сәния Садвакасова алды. Бойжеткендерді жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта да табыстар мен сәттіліктер тілейміз!!!

Печать