Волейболдан жарыс

Спорттық шара наурыз мерекесі қарсаңында, «Қазақстандағы үшінші  модернизация: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауыындағыц негізгі идеяларды жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылды. «Парасат» кәсіподақ ұйымының ұсынысымен Алматы қаласы бойынша ЖОО студенттерінің XIV Спартакиадасы  басталып кетті. Спорттық жарысқа Алматы қаласындағы ЖОО студенттері қатысады. Жарыстың мақсаты студенттер арсында сауатты өмір салтын және спорт түрлерін насихаттау. Биылғы жастар жылында студент жастарға сауатты өмір салтын ұстану пайдасы мен денсаулықты сақтауды насихаттау шаралары көп өткізілді. Себебі жастардың денсаулығы мықты болса, мемлекеттің де іргесі мықты, болашағы жарқын болады.  

15 наурызда ҚазХҚжӘТУ спорт кешенінде қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Алматы қаласындағы ЖОО-нан 10 команда жарысқа қатысты. Жоғарғы оқу орындарынан жиналған бойжеткендер волейболдан  тамаша ойын көрсетті. Жарыс тартысты болды. Бірінші орынды ҚазМемҚызПу командасы иеленді. Екінші орынды Спорт және туризм академиясының командасы, үшінші орынды  ҚазХҚжӘТУ қыздар командасы жеңіп алды. Университетіміздің  жеңімпаз қыздарын жеңістерімен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта да сәттілік және мықты денсаулық тілейміз!

Печать