Студенттер жемқорлыққа қарсы!

Оқу орнында студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және осы теріс әрекеттің қоғамда белең алуымен күресудің  кешенді жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін орта қалыптастыру мақсатында 26-28 наурыз аралығында «Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» үздік плакаттар байқауы ұйымдастырылды.

       Бұл іс-шара барлық факультеттердің студенттері арасында өткізілді, онда студенттердің жемқорлыққа қарсы ең жақсы жұмыстары ұсынылды. Байқаудың негізгі идеясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жетілдіру, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру рухындағы білім-біліктерін жетілдіру.

            Байқау қорытындысы бойынша дауыс беру нәтижесінде  осы ең үздік плакат авторы бірінші курс студенті Аманкулова Мадина болып танылды.Белсенді қатысқаны үшін осы іс-шараға қатысқан барлық студенттерге алғыс айтамыз. Біз жастардың алған білімі оларға өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болмауына көмектесетініне сенеміз. Білімді, партиот жастардың болашағы жарқын!

Печать