Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжәне ӘТУ-де Гаухар Нұршаның дәрісі өтті

     Халықаралық қатынастар факультетінде "Аймақтану" мамандығының студенттеріне арналған "Жаһандық және аймақтық үдерістердегі Қытай", сондай-ақ "Саясаттану және аймақтық зерттеулердің зерттеу әдістері" атты оқу курстары аясында PhD докторы Гаухар Нұршаның дәрісі ұйымдастырылды.

     Оның дәрісінің тақырыбы Қытайдың Орталық Азиядағы "жұмсақ күшіне" арналды. Дәріс барысында баяндамашы өз зерттеулерінің өзектілігі мен әдіснамасын белгілеп, студенттердің қызығушылығын тудырды. Өйткені дәріс сұхбат, сұрақ-жауап және брэйнсторминг түрінде өтті.

     Студенттер үшін бұл дәрістің пайдасы - сабақта меңгерген теориялық білімдерін практикалық қолданыста қалай орындауға болатынын Гауһар Нұрша өз тәжірибесі негізінде көрсетіп өтті.

     Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, спикермен пікір алмасты.

Печать