Әскери кафедраның оқытушылары оқ ату жаттығуларын орындады.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің әскери кафердасының оқытушылары  дайындық жаттығу аясында оқ ату жаттығуларына қатысты. Оқ ату жаттығулары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының оқ ату алаңында өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің  әскери кафердасының оқытушылары  Макаров тапаншасымен және Калашников автоматынан жаттығулар жасады.

 

Оқ ату жаттығулары жалпы әскери дайындықтың маңызды пәндерінің бірі болып табылады және казіргі заманға сәйкес қажетті білім, білік, психологиялық тұрақтылықтың дамуына әсер етеді. Жаттығу  барысында баллистиканың негіздері, қарудың мақсаты мен қарудың қасиеттері, олардың материалы, техникасы және оқ ату ережелері де зерттелді.

Айта кету керек, әскери кафедраның барлық оқытушылары «өте жақсы» деген бағаға жаттығуларын өткізді.

Печать