Елбасының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел

22.01.2020 жылы Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш мақаланы талқылауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ғалымдары, жас зерттеушілер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Успанова М.У. ашып,  дөңгелек үстел отырысы ф.ғ.д., профессор Рысалды  Қ.Т. төрағалығымен өтті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Қағазбаева Э.М. баяндама жасады.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессоры Исхан Б.Ж., шығыс филология кафедрасының профессоры Есенжан Д.А. өз сөздерінде Абайдың философиялық мұрасы, «толық адам» концепциясын көтерді. Ф.ғ.д., профессор Махпиров В.У., сонымен қатар «Today Education» білім беру орталығының профессоры Кондубаева М.Р.,  профессор Кармысова М.К., теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының профессоры Кабдулова К.Л. Ұлы ақын шығармашылығының тілдік қырларын талқылады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Айдарбеков З.С., экономика және құқық факультетінің деканы Құдайбергенов Н.А. жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі Абай мұрасының ерекше рөлін талқылады. "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму орталығының басшысы Сержанов Б.Е. Президенттің Абай мұрасын сана-сезімді жаңғыртуда және оның заманауи талаптарға бейімделуінде пайдалану идеясын қолдады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Ұлы Абайдың қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін көп қырлы мәдени мұрасын сақтау мен зерделеудің маңыздылығы туралы айтып, Абайдың шығармашылық мұрасын әлемдік тілдерге аудару және ақынның философиялық дүниетанымын зерттеу мәселелерін талқылады.

Пікірталасқа магистранттар мен докторанттар белсенділік танытып, дөңгелек үстел жұмысының қорытынды бөлімінде ұлы ақынның мұрасын тереңдете оқыту барысында алынған нәтижелерді тиімді жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.

Печать