«Денсаулық» атты жыл сайынғы университет ұстаздары мен қызметкерлері арасындағы Спартакиада

21-23 қаңтар аралығында ҚазХҚжӘТУ университеттің кәсіподақ комитеті ұйымдастырған қызметкерлер мен оқытушылар арасында жыл сайынғы спорттық жарыстар өтті. Спартакиада бағдарламасы ерлер және әйелдер командалары арасында келесі түрлерден тұрады: волейбол, үстел теннисі, шахмат.

Спартакиаданың ашылуы волейболдан басталды, оған 8 команда қатысты. Өткен жылмен салыстырғанда, аталмыш спорт түрінде өзгеріс ерекшелігі –командада ерлер мен әйелдер қатысты. Ойын нәтижесі бойынша: 1-ші орынды "Экономика және Құқық факультеті" командасы жеңіп, былтырғы нәтижесін қорғап шықты, екінші орынды "Шығыстану факультеті" командасы иеленді, ал 3-ші орынды "IT-шниктер" жастар құрамасына бұйырды.

Іс-шараның келесі күні волейбол басқа спорт түрі - үстел теннисімен ауысты. Ал спартакиаданың "марафоны" үстел теннисімен аяқталды.

Ерлер арасындағы шахматтан қорытындылар:

1 орын – Калганбаев Н.А

2 орын – Джозеф В.

3 орын – Рахимжанов М.Т.

Әйелдер арасындағы шахматтан қорытындылар:

1 орын – Сулейманова А.Т.

2 орын – Сәдубек С.

3 орын – Мауленова А.С.

Ерлер арасындағы үстел теннисі қорытындылар:

1 орын – Балтабаев К.З.

2 орын – Абсаттаров Г.Р.

3 орын – Тенизбаев Е.

Әйелдер арасындағы үстел теннисі қорытындылар:

1 орын – Кисаева Г.

2 орын – Иванченко Ю.В.

3 орын – Ибрагим А.М.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар келесі түрде бөлінді: I-ші орын "Шығыстану факультеті", II-ші орын "Экономика және Құқық факультеті" және III-ші орын "Шетел тілдері педагогикалық факультеті". Қатысушылар мен командалар естелік грамотамен және медальдармен марапатталды.

Печать