«Адамзаттық өркениет: білім, ғылым, ақыл-ой интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция

2021 жылы 20 мамыр сағат 10.00-де Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен елші-дипломат, қоғам қайраткері, Ресей және Қазақстанның Халықаралық Жоғары Мектеп Ғылым Академияларының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметовтың 80 жылдық мерейтойына арналған  «АДАМЗАТТЫҚ ӨРКЕНИЕТ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, АҚЫЛ-ОЙ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті.

Конференцияға 100-ге тарта алыс және жақын шетелден және отандық ғалымдарымыз қатысып, ғалым тұлғасын жан-жақты талдап, ғылыми еңбектерінің өзектілігіне баса назар аударды.

Конференция шымылдығын ашқан университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА  академигі Құнанбаева Салима Сағиқызы мерей той иесін құттықтап, профессор Әділ Құрманжанұлының осы университеттегі еңбек жолы мен сіңірген еңбегін ерекше атай келе А. Байтұрсынов атындағы орденмен марапаттады.

Шараның пленарлық мәжілісіне Қазақстанның белді саясаткерлері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жетекші ғалымдар: ҚР Саясаттану академиясының академигі Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Түркі академиясының президенті Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, Стамбулдағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры  тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу істері жөніндегі проректоры, академик Қамзабекұлы Дихан, ҚБТУ ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Габдуллин Маратбек Тулебергенович, Абылай хан ат. ҚазХҚЖӘТУ-дің ғылым және инновация жөніндегі проректоры М. Уалиева және т.б. белгілі тұлғалар қатысты. Сонымен қатар конференцияға 100-ден аса баяндамалар ұсынылып, конференцияның секциялық отырыстарында баяндамалар талқыланды. Баяндама тақырыптары өзекті, тың идеяларға толы, бірін-бірі толықтыра түсті.  

Қорытындылай келе мақсатына толық жеткен конференцияның қатысушыларына, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

В пленарном заседании выступали видные политики, общественные деятели, представители интеллигенции, ведущие ученые страны: академик Академии политических наук РК  Султанов Куаныш Султановичакадемик Национальной академии наук РК, президент Международной Академии наук Турции   Кыдырали Дархан Куандыкович,  профессор университета   художественных искусств Мимар Синан г.Стамбула, доктор исторических наук Абдиуакап Карапроректор по учебной работе Евразийского национального университета имени Л.Гумилева, академик Камзабекулы Диханректор КБТУ, кандидат физико-математических наук, доктор PhD  Габдуллин Маратбек Тулебергеновичпроректор по науке и инновации КазУМОиМЯ имени Абылай хана, доктор экономических наук, и другие известные личности.

Кроме того, на конференцию было представлено более 100 докладов, которые обсуждались   на секционных заседаниях конференции. Темы докладов актуальны, наполнены новыми идеями, которые дополняют друг друга.

В заключение выражаем благодарность организаторам и участникам конференции.

Печать