Әскери кафедрасына 20 жыл!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 тамызындағы № 1109 қаулысымен «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-да әскери кафедра құрылды.

Әскери кафедра Университет Ректоры академик Кунанбаева Салима Сагиевнаның бастамасымен және өзінің тікелей қатысуымен құрылған.

Әскери кафедра құрылған сәттен бастап, 1600 запастағы офицерлер мен 400-ден астам запастағы сержанттар даярланды.

Әскери кафедраның түлектері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда лайықты қызмет етіп жүр.

Әскери кафедра офицерлерді «Шетел тілі» (әскери аудармашы) және «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен  құрамаларды жауынгерлік қолдану» атты мамандықтар бойынша даярлайды.

Әскери кафедрада жігіттермен қатар, қыздар да, сондай-ақ, Халықаралық бизнес университетінің, Қазақстан-Неміс Университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Сүлейман Демирел атындағы университетінің, КИМЭП университетінің және Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері әскери дайындықтан өтеді.

news mill 2

Печать