80 жылға созылған жол

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 80 жасқа толуына орай мемориалдық тақта ашылды.
Мемориалдық тақтаны университет ректоры-академик Сәлима Сағиқызы Құнанбаеваның бастамасымен және тікелей қатысуымен салтанатты шара өтті. Ашылу салтанатына университеттің алғашқы түлектері, құрметті профессорлар мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ біздің университеттіміздің ұстаздары мен студенттер қатысты.
Биыл біз университетіміздің 80 жылдығын атап өтеміз. Бізге мерейлі датаны университетімізбен бірге қарсы алып, оның даңқты тарихының тоғызыншы ондығына ену сәті түсті. Біз осы кезеңге лайықты нәтижелермен келгенімізге шын жүректен қуаныштымыз.

Мемориалды тақтаны біздің университетіміздің еңбек сіңірген түлектері және Қазақстан Республикасының қайраткерлері - филология ғылымдарының докторы, профессор Ахметова Сакина Габдулкаюмовна және экономика ғылымдарының докторы, профессор, Университеттің үздік ораторы Есқалиев Мендеш Досмұханұлы ашты.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дың құрылу тарихы сонау 1940 жылы оқу корпусы ғимаратының алғашқы кірпіші қаланғаннан басталады, бүгінде шет тілдері факультетінің студенттері білім алып жатыр, сол жерде мемориалдық тақта орнатылды.

Мемориалдық тақтаның ашылуы-университетіміздің өміріндегі аса маңызды оқиғалардың бірі. Университет қазір Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істейтін көптеген түлектерге үлкен өмірге "жолдама" берді. Олардың кейбіреулері жоғары іскерлік және қоғамдық мәртебеге қол жеткізді, өңірлік ұйымдар мен Қазақстандық бизнестің басшылары, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері болып табылады. Біз бәріміз оларды мақтан тұтамыз.

Печать