"Болгария Еуропалық Одақ пен жаһанданған әлемде"

2022 жылдың 28 ақпанда аймақтану кәсіби кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің "6В03102-Аймақтану" мамандығының 3 курс студенттеріне профессор Искрен Ивановтың "Болгария Еуропалық Одақ пен жаһанданған әлемде" тақырыбында дәріс ұйымдастырды.  Дәріс онлайн форматта, жоғары деңгейде өтті. Онлайн дәріс барысында студенттер теориялық сұрақтар қойып, Еуропадағы саяси жағдайды талқылады.

Искрен Иванов - PhD, София университетінің профессоры, онлайн және рецензияланған басылымдарда 50-ден астам аналитикалық мақалалардың авторы.

Онлайн дәрістің модераторы және ұйымдастырушысы аймақтану кәсіби кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шукыжанова А.Н.

Искрен Иавнов мырзаға өте танымды және қызықты дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать