Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің және ҚазҰҚПУ магистранттары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары  «7М01719-Шетел тілі оқытушыларын даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2022 жылдың 14 ақпанынан 26 наурызға дейін ҚазХҚжәне ӘТУ қашықтықтан білім беру технологияларын (ДОТ) қолдану арқылы «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау» қолданбалы зертханаларының негізінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама аясында магистрлік зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша  интерактивті консультация, семинар-тренингтер мен ҚазХҚжәнеӘТУ жетекші мамандарының дәрістері ұйымдастырылды.

Магистранттарға желіге, ҚазХҚжӘТУ ақпараттық және мультимедиялық электрондық ресурстарына қол жетімділік қамтамасыз етілді. Магистранттардың іс-тәжірибесі ҚазХҚжәнеӘТУ 80 жылдығына орай «Қазақстан Республикасындағы шет тілін оқыту: парадигмалар мен тенденциялар» тақырыбындағы интерактивті теориялық-әдістемелік семинармен аяқталды.

Бұл тағылымдама семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысу барысында теориялық білім мен зерттеу дағдыларын алуға, жетекші университеттің шет тілін оқыту әдістемесі бойынша оқыту жүйесімен танысуға бағытталғанын айта кету керек. Практиканы аяқтағаннан кейін магистранттар сертификаттар алды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать