Онлайн дәрістер

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Пембангунан ұлттық университетімен халықаралық ынтымақтастығы аясында меморандумға қол қойылып: академиялық ұтқырлық бойынша (оқытушылар құрамы мен студенттер үшін жазғы мектептер); халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша бірлескен қонақтық дәрістер өткізу туралы келісілді.

2022 жылдың 9 наурызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы Черданцев А.С. «Халықаралық дипломатиялық және консулдық құқық» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

2022 жылдың 10 наурызында және 12 наурызында «Халықаралық гуманитарлық құқық» және «Халықаралық сауда құқығы» тақырыптарында оқытушылар Адибаев А.М. және Шоман Е.С. онлайн дәріс оқыды.

2022 жылдың маусым-шілде айларында жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарлануда, оның аясында келесі тақырыптар оқытылады:

- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері;

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу эволюциясы;

- ақпараттық соғыс, ақпараттық терроризм, ақпараттық қылмыстар, ақпараттық қару;

-қолданылатын халықаралық құқықты ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу;

- екі ел арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқықтық реттеудің келешегі;

-ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әрекеттерге жауапкершілік.

Печать