ҚОНАҚ ДӘРІСІ:" КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

17 наурызда ҚазХҚжәнеӘТУ көк залында корейтану апталығына арналған іс-шаралар шеңберінде қонақ дәрісі өткізілді. Дәріс Корея Республикасының аймақтық ерекшеліктеріне арналды. Біздің қонағымыз-Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы білім беру орталығының директоры Ким Тхэ Хван мырза. Іс-шараға шығыстану факультетінің корей тілін оқитын 3-ші курстағы 50 студенті қатысты.

       

Дәріс барысында студенттер тіл үйренетін ел туралы көптеген қызықты және танымдық фактілерді біле алды. Ерекше мерекелер, заманауи технологиялар және онша танымал емес дәстүрлер сөз сөйлеу кезінде айтылды. Дәріс корей тілінде өтті, бірақ Ким Тхэ Хван мырза ақпаратты студенттерге қарапайым тілмен жеткізе алды. Студенттер үлкен әсерде қалды және жақсы оқуға мотивация алды.

Печать