Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі

Республика күні мерекесі қарсаңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нәң студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев және "Қазақстанның ұйғыр жастары одағы" РҚБ төрағасы Рустам Қайрыевпен кездесті.

Кездесудің негізгі мәселесі қазақстандықтардың этносаралық және мәдениетаралық келісімі, ел дамуындағы жас ұрпақтың рөлі болды. Сондай-ақ, спикерлер студенттерді Қазақстан халқы Жастар ассамблеясының мүшесі болуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және өзін-өзі дамыту арқылы өз тәжірибелерін таратуға шақырды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать