Алматы облысының Шекара қызметі департаментінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлектерін жұмысқа орналастыру.

Бүгінгі таңда түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі университеттің маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады, оның аясында 13.10.2022 ж. Алматы облысы бойынша Шекара қызметінің департаментімен бірлесе отырып, 4 курс студенттерінің Шекара қызметі департаменті тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полковник Муналбаев Арнур Мухамбетович және Тәрбиелік идеологиялық және кадрлық жұмыс басқармасының жинақтау бөлімінің бастығы майор Ислам Исаевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында студенттер Шекара қызметі департаментіне жұмысқа орналасудың қыр-сырын, осы мекемеде жұмыс істеудің артықшылықтарын, қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және қызметке құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы білді.

Печать