Студенттердің "Aq jol" жастар денсаулық орталығының спикерімен нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша кездесу

2022 жылдың 02 желтоқсанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да № 7 қалалық емхананың жанындағы "Aq jol" жастар денсаулық орталығының өкілі Антон Валерьевич Лавров және орталықтың еріктілерімен студенттердің кездесуі өтті.  Спикерлер нашақорлық мәселелері және оның салдары, АИТВ және ЖИТС туралы қызықты дәріс ұйымдастырды, ал "teenergizer" жастар бастамасының еріктілері нашақорлық туралы статистикамен бөлісті, ЖИТС пен АИТВ-ның таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтып, жүлделермен қызықты әрі пайдалы интерактив өткізді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать