«Музыка -біздің ортақ тіліміз» атты 8-кезекті Қытай ән-жыр байқауы

2022 жылдың 3 желтоқсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Конфуций институты Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарына 30 жыл толуына орай «Музыка -біздің ортақ тіліміз» атты 8-кезекті Қытай ән-жыр байқауын ұйымдастырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сулейман Демирель атындағы университеті, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қазақ-қытай тіл колледжі, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттері қатысты. Бұл байқауда біздің университетіміздің атынан жетекшісі Меллат Дилнардың дайындауымен өзінің бағын сынап, қатысқан Шығыстану факультеті «Шетел филологиясы» мамандығының 305 топ студенті Кулмагамбетова Аружан Досбулаткызын 3-орын алуымен құттықтаймыз.

Әрі қарайда осындай белестерге жете беруіне тілектеспіз!

Печать