«Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» сайысы

2022 жылдың 1 желтоқсанында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауы сәтті аяқталды. Сайысқа жетекшісі,  PhD доктор Райхан Бағиланың дайындауымен қатысқан Шығыстану факультеті “Шетел филологиясы” мамандығының 4 курс 404 топ студенті Иваш Ботагөз Айдарқызын 1- орын алуымен құттықтаймыз. 

Әрі қарайда осындай белестерге жете беруіне тілектеспіз!!!

Печать