Төтенше жағдайлар кезінде өмірді және денсаулықты сақтау сабақтары

2023 жылдың ақпанында Түркия мен Сирия шекарасына жақын жерде болған 7,8 балдық жойқын жер сілкінісін бүкіл өркениетті әлем бақылап, олардың ауыр қайғысына ортақтасқан еді. Жер сілкінісі соңғы уақытта аймақта болған ең үлкен апаттардың біріне айналды.

Он мыңдаған адам қаза тауып, жарақат алды. Мыңдаған ғимарат жермен жексен болып, сансыз адам қыстың қатал жағдайында баспанасыз қалды. Мектептер мен ауруханалар қирап қалды. Ертеңін ойлайтын мемлекеттер басқалардың қателері мен кемшіліктерінен сабақ алып, өз аумағында олар қайталанбайтындай әрекет етеді. Болған сәтсіздіктерден дереу сабақ ала білудің маңызы зор. Жер сілкінісі болуы ықтимал елдер қорытынды шығаруы керек. Абылай хан атындағы ҚазХҚ ж/е ӘТУ-мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы университетаралық ынтымақтастық аясында Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің аға оқытушысы, м.ғ.к.  Белходжаев А.А.  «Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек» тақырыбында дәріс оқыды.  Студенттеріміз төтенше жағдайлар мен апаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің ұжымымен бірге, «Салауатты өмір салтын сақтау», «Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі» т.б тақырыптарында дәрістер топтамасын өткізу жоспарлануда.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать