«Біріккен Азия – Біртұтас Әлем» халықаралық жобасы. профессорлыққа ұсынылған Устажалилова Хуршида Алиевнаның дәрісі

2023 жылдың екінші семестрінің басынан бері Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ халықаралық қатынастар факультетінде апта сайын көптеген ғылыми-танымдық, студенттік және клубтық іс-шаралар өткізіліп келеді, алайда бүгін «Eurasia Fondation» (from Asia) деп аталатын жапондық Қоры бөлген білім гранты аясында осы жылдың 1 ақпанында басталған «Migration processes in the modern world, United Asian Community» курстың ерекшелігі жайлы айтқымыз келді.

13-14 сәуір аралығында ҚазХҚжәнеӘТУ-не дәріс оқу үшін профессорлыққа ұсынылған п.ғ.д. Устажалилова Хуршида Алиевна, Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының халықаралық қатынастар жөніндегі маманы. Дәріс тақырыбы: «Орталық Азиядағы жоғары білім интеграциясы: мәселелері мен болашағы».

Лектор Х.А. Устажалилова атап өткендей, Орталық Азияда ықпалын жүргізуге тырысатын Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО секілді жаңа орталық күштер үшін жылдам өзгеріп жатқан әлемде «жұмсақ күш» күн сайын маңызды стратегиялық мәнге ие болуда. Соңғы онжылдықтарда Орталық Азия өңірі тұрғындарының қоғамдық санасы жаһандық динамика салдары әсерінен адамзат ХХІ ғасырда әлемді тануда және құндылық тұрғысынан өткір дағдарысты өткізіп жатқанын сезінеді. 

Х.А.Устажалилованың геосаяси, географиялық, саяси, экономикалық факторлардың тұтас кешенімен анықталатын Орталық Азия аймағының экономикасындағы, Еуразияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Өзбекстанның рөлі туралы презентациясы қатысушылар үшін өте қызықты болды. Азиядағы саяси аймақтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы мен дәстүрлері туралы Өзбекстанның көзқарасы, Орталық Азиядағы интеграциялық бірлестіктердің даму мәселелері мен перспективаларымен және аймақтану нәтижелерімен танысу студенттеріміздің ерекше қызығушылығын тудырады. Орталық Азия аймағы көптеген елдердің саяси, әскери-стратегиялық және экономикалық мүдделері басым аймақ. Бүгінгі таңда әлемнің бірде-бір мемлекеті, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттері интеграциясыз және жаһандану контекстінен тыс дами алмайтыны белгілі. Көршілес мемлекеттерден әріптестердің бізге келуі қаншалықты құнды және зор екендігі баршаға аян. Дәріс барысында студенттер тарапынан Өзбекстанның мәдениеті, экономикасы, даму динамикасы туралы сұрақтар көп болды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать