"Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  27-28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар өз жұмыстарын көрсетті.

 

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары мынандай болды:

  1. Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы заманауи тәсілдер.
  2. Шет тілінде білім берудің инновациялық-ақпараттық кеңістігінің өзекті мәселелері және Қазақстан мен ТМД елдерінің инновациялық-цифрлық дамуындағы ғылымның маңызы.
  3. Қазіргі шет тілін оқыту: мәселелері мен болашағы.
  4. Қазіргі әлемнің геосаяси процестері: тәуекелдер мен қиындықтар.
  5. Шығыстанудың өзекті мәселелері: тіл білімі, аударматану, тарих, экономика, мәдениет, саясат.
  6. Экономиканың, халықаралық және ұлттық құқықтың, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі тенденциялары.
  7. Туризм индустриясының, қонақжайлылық пен сервистің дамуының теориясы мен тәжірибесінің өзекті аспектілері.
  8. Көпмәдениетті және жаһанданушы әлемде қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарының трансформациясы.
  9. Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен болашағы.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать