Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 2024 жылдың үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті «QS World University Ranking» әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде өз орнын сақтап қалды!
Жыл сайын жүргізілетін «QS World University Ranking» әлемнің ең үздік университеттерінің рейтингі биылғы жылы 20-рет жасалып отыр. Соңғы екі онжылдықта жоғары білімге қойылатын талаптар айтарлықтай өзгерген.

Сәйкесінше рейтингтік әдістеменің талаптары да жоғарылады. Қазір аталмыш талаптар жалпы саны тоғыз көрсеткішті қамтиды, бұл дегеніміз әдістеменің бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда үш жаңа тармақпен толыққанын білдіреді. "Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы" индикаторының салмағының 20% - дан 10% - ға дейін төмендеуі және "халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар индексі" жаңа ғылыми индикаторының енгізілуі Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар дамушы елдердегі жоғары оқу орындарының орта позициясының төмендеуіне әкелді.
Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы рейтингтің биылғы шығарылымы өткен жылдардан айтарлықтай ерекшеленетін жаңа әдістемеге негізделген. Сондықтан биылғы көрсеткішті бұрын жарияланған рейтинг нәтижелерімен салыстырмау қажет екенін баса ескерген абзал.

Скачать

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать