Студенттерді орналастыру туралы ақпарат

Құрметті студенттер!

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатныастар және әлем тілдер университетінің жатаханалары студенттерді 2023-2024 оқу жылына қабылдауға дайын!

2023-2024 оқу жылында 1-4 курс студенттерін университет жатақханаларында орналастыру университеттің конкурстық комиссиясы бекіткен тізімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

1-курс студенттері үшін

Тіркеу мерзімі: 2023 жылдың 26 ​​тамызынан 5 қыркүйегіне дейін!

www.Ablaikhan.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімінен арнайы файлды жүктеп алыңыз. Тізімнен аты-жөніңізді тауып алыңыз. Жатақханаға кірер алдында жатақхананың медициналық пунктінде (26 тамыздан бастап, Құрманғазы көшесі, 150) медициналық тексеруден өту және биылғы жылға сай тұру ақысын төлеу (БанкЦентрКредит немесе Kaspi қосымшасы арқылы) МАҢЫЗДЫ.

2-3 курс студенттері үшін

Тіркеу мерзімі: 2023 жылдың 26 ​​тамызынан 5 қыркүйегіне дейін!

www.Ablaikhan.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімінен арнайы файлды жүктеп алыңыз. Тізімнен толық аты-жөніңізді тапқаннан кейін 2023-2024 оқу жылының белгіленген құны бойынша тұру ақысын төлеп, жатақханаға орналасуға болады.

4 курс студенттері үшін

4 курс студенттері MOODLE платформасында 01.09.2023 пен 05.09.2023 аралығында өтініш береді. Жатақханаға орналасу 07.09.2023 бастап 10.09.2023 дейін жүргізіледі.

2023-2024 оқу жылындағы жатақханада тұру құны:

жатақханаларда - 15 000 теңге/ай;

№3 жатақханадағы қонақ үй блогы – айына 20 000 теңге.

Жатақханада тұру құнын төлеу 2023-2024 оқу жылының 10 айына Университет бекіткен прейскурант бойынша 100% алдын ала төлем негізінде есеп айырысу күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

МАҢЫЗДЫ!

Жатақханаға орналастыру қатаң түрде белгіленген мерзімде жүргізілуі керек. Көрсетілген мерзімде Жатақханаға орналаспаған студенттер автоматты түрде орындарынан айырылады.

2022-2023 оқу жылында жатақханада тұру ережесін бұзғандар биылғы 2023-2024 оқу жылында жатақханаға орын берілмейді.

1 курс студенттерінің тізімі

Бірінші курстың қосымша тізімі

2 курс студенттерінің тізімі

3 курс студенттерінің тізімі

2-3 курстың қосымша тізімі

4 курс студенттерінің тізімі

Жатақхана студенттерінің қосымша тізімі

Печать