Пусан қ. Еуразиялық экспедициясының Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің студенттерімен кездесуі

2023 жылдың 25-26 тамызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне  Пусан қаласының (Корея Республикасы) Еуразиялық экспедициясының делегациясы келді. Бұл сапар Пусан қаласын «ЕХРО - 2030» өткізуге үміткер ретінде таныту бойынша үлкен бағдарламаның бөлігі болып табылады. Алматы қаласы экспедиция үшін Еуропа елдеріне барар жолда Орталық Азияның алғашқы қаласы болып табылады.  

Еуразиялық экспедиция екінші жыл қатарынан өзінің бағдарламасына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ -не баруды және шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттерімен бірлескен іс-шараны өткізуді қамтиды. Пусан қаласының қалалық жиналыс депутаттары  Сонг Чанг Ёнг мырза мен Ким Хё Джонг ханым бастаған Еуразиялық экспедиция делегациясын халықаралық қатынастар жөніндегі Проректор Жылтырова Ж.Т., шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М., халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарманың  басшысы Абдигаппар Т. Е., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығының қызметкерлері, шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттері жылы қабылдады. Кездесу барысында қонақтар ҚазХҚжӘТУ -гі Абылай хан мұражайын аралады. Шығыстану факультеті студенттерінің Пусан қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу бағдарламасында шығыстану факультетінің студенттері корей тілінде дайындаған Қазақстан және университетіміз туралы презентация болды. Оңтүстік Корея делегациясы «ЕХРО – 2030»-ға дайындық туралы презентация дайындады. Екі елдің студенттері концерттік нөмірлер дайындады. Студент Жұмағали Мадина сыбызғыда қазақтың халық күйі «Ақбақайды» орындаса, Нұрмамет Мөлдір - K-pop биін орындады.

26 тамызда шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттерінің Пусан қаласының Еуразиялық мәдени орталығының делегациясымен тағы бір кездесуі өтті. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар үшін ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығының директоры Ким Ульяна Андреевна корейлердің Орталық Азияға қоныс аудару тарихы, Қазақстанның корей диаспорасының өмірі, мәдениеті мен тілі туралы дәріс оқыды. Қонақтар, өз кезегінде, Пусан қаласының «ЕХРО – 2030»-ды өткізуге дайындығы туралы айтып, университетіміздің студенттерімен әңгімелесіп және студенттеріміздің корей тілін деңгейіне таң қалып, сондай-ақ ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы, университеттің халықаралық бөлімі және шығыстану факультетімен ұйымдастырылған кездесуге үлкен алғыстарын білдірді. Естелік ретінде Корея Республикасынан келген қонақтар біздің университетімізге белгілі корей ақыны Ким Соволдың өлеңдер жинағын сыйға тартты.  

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать