Кафедрада оқу жылы табысты басталды!

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы жаңа оқу жылын табысты жетістіктермен бастады! Университет кітапханасы жаңа оқу құралдарымен молықты.

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің ұсынуымен қазақ филологиясы кафедра оқытушыларының жылдар бойғы ізденісі мен ұшталған практикалық бай тәжірибесінің нәтижесі ретінде Қазақ тілі В-1-орта деңгей (п.ғ.м. Кульманова М.Н., ф.ғ.к., доцент А.Т. Қоңырова), В-2-1 ортадан жоғары деңгей (п.ғ.м. Л.Ж.Хамимульдинова, ф.ғ.к., доцент А.Т. Қоңырова), В2-2 жоғары деңгей (п.ғ.м. Ғ.Ж.Тұңғатова, ф.ғ.к., доцент А.Т. Қоңырова), Кәсіби қазақ тілі туризм (ф.ғ.к., қауымдаст. профессор Б.Қ.Аққожина, А.Т. Қоңырова),  журналистика (ф.ғ.к., қауымдаст. профессор Ш.А.Нұрмышева), екі шеттілі мұғалімдерін даярлау (ф.ғ.к., қауымдаст. профессор Л.Н. Ермағанбетова,А.Т. Қоңырова), шетел филологиясы (ф.ғ.к, доцент Ж.Қ.Дәркенбаева,А.Т. Қоңырова)мамандықтарына арналғаноқу құралдары жарық көрді.

Аталған оқу құралдары кәсіпке қатысты тың оқылым мәтіндерді молынан қамтиды. Тыңдалым ретінде берілетін замануи аудио-бейнемәтіндер білімгерлерге қосымша ақпараттар бере отырып,ұсынылған креативті әдіс-тәсілдер коммуникативтік қатысымның төрт дағдысын дамытып, қалыптастыруды негізге алады. Кафедра мамандары жарыққа шығарған оқу құралдары орыс тілді аудиторияларда апробациядан өткізілген, алдағы уақыттақолданушы, пайдаланушы аудиторияның көңілінен шығып, қажеттеріне жарайтынына сенеміз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать