"Ūiym Fest - 2023" – Студенттік ұйымдар жәрменкесі

Жыл сайын университетте студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі өткізіледі. Студенттер өздеріне ұнайтын бағытын таңдап, сабақтан тыс бос уақытын пайдалы өткізуге тырысады.

Биылғы жылы жәрмеңке 14 қыркүйекте өтіп, оған 500-ге жуық бірінші курс студенттері қатысты.

Біздің университетте келесі студенттік клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді:

  • Студенттік клуб MUN (Модель ООН)
  • «Абылай хан» (казақ лигасы) және Pantheon (орыс лигасы) пікірсайыс клубтары
  • Университетті мәдени шаралармен қамтамасыз ететін шығармашыл жастар бірлестігі «Inyazaman»
  • Көңілді тапқырлар клубы «Jaidarman»
  • Театр клубы «Muragerler»
  • Beso би ансамблі және Eastline би тобы
  • Вокал студиясы (Хор) «Песни мира»
  • Саяхатшылар клубы «InYaz Travel»
  • «Лига волонтеров»
  • «Көмек» волонтерлар ұйымы

Таныстырылым барысында біздің белсенділер бірінші курс студенттеріне өздерінің ұйымы, немен айналысатыны туралы айтып берді және жаңа қатысушыларды тіркеді. Шығармашылық үйірмелер сахнада өз өнерлерін көрсетті: би, ән және басқа да қойылымдарды жиналғандар өте жылы қарсы алды.

Бірінші курс студенттерін жаңа бастамаларымен құттықтаймыз және олардың жәрмеңкеде қалағанын тапқанына сенімдіміз.

Егер сізде сұрақтар немесе ұсыныстар болса, біз диалогқа дайынбыз.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Ситалиев Диас

+7 7007280309

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать