Scopus арқылы өзекті тақырып таңдау

Университетіміздің қабырғасында 22 қыркүйек күні Орталық Азия және Азербайджандағы Elsevier компаниясының консультанты Рабига Хожамкулмен кездесу өтті. Семинардың тақырыбы: Scopus арқылы өзекті тақырып таңдау болды. Семинарға университет оқытушылары, магистранттар, докторанттар және бакалавр студенттері  қатысты. 

Семинарға барысында төмендегі тақырыптар талқыланды:

1.Scopus көмегімен мақаланың көрінуін арттыру үшін оқу саласы бойынша ағымдағы тақырыпты қалай таңдауға болады

2.Мақаланың танымалдылығын анықтау үшін Scopus жүйесіндегі мақала көрсеткіштері мен талдау құралдары,

3.ТДМ бойынша зерттеулерді табу үшін Scopus құралдары,

4.ТДМ зерттеулерін зерттеуге арналған ScienceDirect құралдары,

5.ТДМ зерттеулерін талдауға арналған Elsevier және RELX құралдары мәселерері талқыланды.

Семинар  соңында спикер қатысушылардың барлық  сұрақтарына жауап беріп,әрбір қатысушыға сертификат берді.

Печать