Жапония халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу қауымдастығының өкілдерімен кездесу (Жапония)

2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Жапония халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу қауымдастығының» өкілдері Абылай хан атындағы ҚаpХҚ және ӘТУ-де болды. Атап айтқанда, делегацияны осы қауымдастықтың өкіл директоры Гүлзат Баяхмет, сондай-ақ Uzukyumeigan фармацевтикалық компаниясының президенті Йошиюки Уцу бастап келді.

Шығыстану факультеті «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша жапон тілін оқып жатқан студенттермен қонақтық дәріс ұйымдастырды. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің атынан кездесуге жапонтану кафедрасының оқытушылары мен «Шетел филологиясы» және «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша жапон тілін оқып жатқан барлық курстардың студенттері қатысты. Дәріс барысында қонақтар 3 және 4 курс студенттеріне арналған түрлі алмасу бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті. Жапонияда студенттерге арналған халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламасы ұсынылды. Халықаралық тәжірибе студенттердің халықаралық компаниялардағы тәжірибесі арқылы дағдыларын дамытуға және зерттелетін аймақтың іскерлік мәдениетін зерттеуге бағытталған. Тағылымдама тіл білімін тереңдетіп қана қоймай, халықаралық ортада бәсекеге қабілетті болуға бірегей мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қауымдастық Қытай, Моңғолия және Вьетнам университеттерімен жұмыс істейді. Сонымен қоса Қазақстанда өзінің алғашқы кеңсесін ашу барысында.

Печать