ЖАҚСЫ ОҚУЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Оқу жылының басында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Полилингва» баспасынан қазақ филологиясы кафедрасы оқытушылары дайындаған қазақ тілін деңгейлеп және кәсіби тіл тұрғысынан үйретуде замануи оқыту технологиялары мен креативті әдіс-тәсілдерге негізделген 7 бірдей оқу құралы жарық көрген еді.

Бүгін 28.09.23 күні университетіміздің ғылыми кеңестің мәжіліс залында Қазақ тілі-В1 орта деңгей, В-2-1 ортадан жоғары деңгей, В-2-2 жоғары деңгей, Кәсіби қазақ тілі бойынша журналистика, туризм, екі шет тілі мұғалімдерін даярлау, шетел филологиясы мамандықтарына арналған оқу құралдарының салтанатты тұсаукесері өтті.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Б.Қ.Аққожина ашқан тұсаукесер салтанатын  Абылай хан атындағы  ҚазХҚжӘТУ-дің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, п.ғ.д.,  профессорТ.А.Кульгильдинова құттықтау сөзімен жалғастырып,   университетіміздің профессоры ф.ғ.д. Б.Қ.Қалиевпен бірге кітаптардың лентасын қиды. Сонымен қатар қазақ филологиясы кафедрасының  профессоры, ф.ғ.д. Ж.Ж.Есеналиеваның модераторлығымен жанданған тұсаукесер салтанатында  университетіміздің Ғылыми және инновациялық  істері жөніндегі проректоры М.У. Успанова, білім ордасының қадірлі ақсақалы, кафедрамыздың құрметті ұстазы Б.Қ.Қалиев ыстық лебіздерін білдіріп, кітап авторларын құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Тұсаукесер оқулық авторлары Л.Ж.Хамимульдинова, Ғ.Ж.Тұңғатова, Б.Қ.Аққожина, Л.Н. Ермағанбетова, Ш.А.Нұрмышева, Ж.Қ.Дәркенбаевалардың оқу-әдістемелік семинарымен жалғасын тапты. Оқулық авторлары шеберлік сыныбын өткізді. 

Тұсаукесер университетіміздің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.А.Ұзақбаеваның, Қазақстан-Ресей медициналық университеті «Тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Л.С.Дүйсембекованың, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық   университеті,филология ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор Б.М.Сұлтанованың,  университетіміздің «Полилингва» баспасының директоры Б.Ә. Есенгалиеваның оқу құралдарына деген оң пікірлерімен, толағай табыстар тілеуімен аяқталды.

Аталған оқу құралдарының жарық көруіне мұрындық болған Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Басқарма төрайымы-ректор, академик С.С.Кунанбаеваға, Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, п.ғ.д.,  профессор Т.Ә.Кульгильдиноваға, Ғылыми және инновациялық  істері жөніндегі проректоры М.У.Успановаға, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. А.Т.Қоңыроваға алғысымызды білдіреміз.

Печать