Шетелдік студенттер арасындағы халықаралық викторинаның жеңімпаздары (Daejin University, Корея Республикасы)

22 қыркүйекте Daejin University -де шығыстану факультеті шығыс тілдері  аудармасы кафедрасының 4 курс студенттері қатысқан шетелдік студенттер арасында халықаралық викторина (통일 골든벨) өтті. Бұл викторинаға Қытай, Ресей, Қазақстан және Вьетнамнан 20-ға жуық студент қатысты.

Шығыстану факультетінің студенттері корей тілі, елтану бойынша жоғары білімдерін көрсетіп, халықаралық викторинаның жеңімпаздары атанды: бірінші орынды Куаныш Лиза (408 топ), екінші орынды Турат Акерке (407 топ), үшінші орынды Жайылханова Асемай (408 топ) иеленді. Студенттерімізді құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табыс тілейміз.

Айта кететіндей, Daejin University Оңтүстік Кореядағы ең беделді және жас университеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Daejin University-де білім алуда.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать